Біз не ұсынамыз:
- Логистика саласында қарқынды дамып келе жатқан халықаралық компаниядағы қызықты жұмыс
- Көлікпен қатынауға ыңғайлы, жайлы әрі заманауи кеңсе
- Корпоративтік іс-шаралар, туристік жобалар, футбол турнирлері және спорттық шаралар
- Қызметкерлердің балалары қатысатын жобаларға атсалысу
- Компания ішінде және сыртқы ұйымдарда оқыту
- Мансаптық және кәсіби өсуге мол мүмкіндік
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру
- Жалақыны уақтылы төлеу
- Икемді жұмыс кестесі: 5/2, 08:00-ден 17:00-ге дейін (жұмыс уақытының аралығы келісім бойынша өзгертілуі мүмкін)
- Жағымды атмосфера және жайлы жағдай: шай, жемістер, тіскебасарлар, демалыс аймақтары
Сіздің міндеттеріңіз:
- Импорттық операциялардың есебін жүргізу.
- Тауарлар мен қызметтерді өткізуді есепке алу.
- Кассалық және банктік операцияларды жүргізу.
- Жеткізушілермен есеп айырысуды есепке алу, салыстырып тексеру жүргізу.
- Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу және нәтижелерін есепте көрсету.
- Бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін бақылау.
- Бекітілген есеп учаскелері бойынша 1С: Бухгалтерия бағдарламасында жұмыс істеу.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- 1С: Бухгалтерия 8.3 бағдарламасын сенімді меңгеру.
- Импорттық операциялар мен сыртқы экономикалық қызмет есебін жүргізу тәжірибесі.
- Бухгалтерлік есептің барлық учаскелерін білу (жалақы есептеу учаскесін қоспағанда).
- ҚР бухгалтерлік есеп және салық заңнамасын білу.
- Бастапқы бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істеу және контрагенттермен салыстырып тексеру жүргізу дағдылары.
Көшбасшылар командасына қосыл — ZAMMLER-де мансабыңды құр!