Біз не ұсынамыз:
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру
- Жалақыны уақтылы әрі тұрақты төлеу
- Аванс алуға мүмкіндік беретін икемді еңбекақы төлеу жүйесі: айына 4 ретке дейін
- Халықаралық логистикалық компанияда тәжірибе жинау
- Заманауи жабдықтары бар жайлы, жылы қойма
- Ыңғайлы жұмыс кестесі:
күндізгі — 6/1
- Мансаптық өсу мүмкіндігі
- Қосымша төлемдер: еңбек өтілі үшін үстемеақы — нақты жұмыс істеген уақыт үшін 10% (3 ай жұмыс істегеннен кейін)
- Спорттық жарыстарға қатысатын қызметкерлерге материалдық қолдау
- Тату ұжым, тәлімгерлік және өзара қолдауға негізделген корпоративтік мәдениет
- Белсенді корпоративтік өмір: үстел теннисі, шахмат және киберспорт турнирлері, апта сайынғы футбол матчтары, жыл сайынғы «Zammler кубогы» турнирі және үздік қызметкерлерге компания есебінен ұйымдастырылатын Nomad Жолы корпоративтік саяхаты
Сіздің міндеттеріңіз:
- Тауарды тұтынушыға жеткізу, жүктерді экспедициялау
- Ілеспе құжаттарға сәйкес тауарларды қабылдау және босату, құжаттарды тиісті түрде рәсімдеу
- Тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету
- Тауарды тиеу және түсіру
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Экспедитор болып жұмыс істеген тәжірибе құпталады
- Қала ішінде жол таба білу және туындаған мәселелерді жедел шешу
- Жауапкершілік, уақытқа ұқыптылық және зейінділік
Тәжірибеңіз болмаса да болады — бәрін үйретеміз!
Көшбасшылар командасына қосыл — ZAMMLER-де мансабыңды құр!