Біз не ұсынамыз:
- Логистика саласында қарқынды дамып келе жатқан халықаралық компаниядағы қызықты жұмыс
- Көлікпен қатынауға ыңғайлы, жайлы әрі заманауи кеңсе
- Корпоративтік іс-шаралар, туристік жобалар, футбол турнирлері және спорттық шаралар
- Қызметкерлердің балалары қатысатын жобаларға атсалысу
- Компания ішінде және сыртқы ұйымдарда оқыту
- Мансаптық және кәсіби өсуге мол мүмкіндік
- ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру
- Жалақыны уақтылы төлеу
- Икемді жұмыс кестесі: 5/2, 09:00-ден 18:00-ге дейін (жұмыс уақытының аралығы келісім бойынша өзгертілуі мүмкін)
- Жағымды атмосфера және жайлы жағдай: шай, жемістер, тіскебасарлар, демалыс аймақтары
Сіздің міндеттеріңіз:
- Белгіленген тәртіппен нұсқама рәсімдей отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізу.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама, өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама жүргізу.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімді тексеруді ұйымдастыру.
- Оқыту матрицасын жаңарту.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі, өндіріс саласындағы тәжірибе құпталады
- Құжаттамамен жұмыс істей білу, бұйрықтар мен есептер жасау, іскерлік хат алмасуды жүргізу
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуды, білімді тексеруді ұйымдастыру тәжірибесі
- Еңбек заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді өте жақсы білу
Көшбасшылар командасына қосыл — ZAMMLER-де мансабыңды құр!